"Астана дарыны - 2017" байқауының жеңімпаздары марапатталды

864

"Астана дарыны - 2017" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бейбітшілік және келісім сарайында "Астана дарыны - 2017" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған байқауға қатысуға 200-ден аса өтінім түскен. 16 аталым бойынша үздіктер анықталып, байқаудың  салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қатысушыларды марапаттау салтанатына Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Серік Сәпиев қатысты. 

Байқауда ғылым, үкіметтік емес ұйым, театр, қоғамдық қызмет, спорт, журналистика, жас кәсіпкер, жыл еріктісі , әлеуметтік саланың үздік қызметкері, эстрада, жыл студенті, кино, үздік мемлекеттік қызметкер және т.б номинация бойынша мықтылар анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу