"Астана энергия" экологиялық іс-шараларға 100 миллион теңгеден астам қаражат бөледі

623

"Астана энергия" экологиялық іс-шараларға 100 миллион теңгеден астам қаражат бөледі

"Астана – Энергия" АҚ азот оксидтерін төмендету мен көмір қалдықтарын азайту бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Оның нәтижесінде елордадағы ЖЭО шығаратын көмір қалдықтары жылына 450 тоннаға дейін қысқарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

"Астана энергия" экологиялық іс-шараларға 100 млн теңгеден астам қаражат бөледі. Мәселен, 2018 жылы компания Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен бірлесіп, ауаны ластаушылардың бірі - күкірт оксиді қалдықтарының деңгейін төмендетуге бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама аясында жұмыс істемек.

"Барлық қазандықтардағы азот оксиді қалдықтарына қатысты нормаларды бізді қалыпқа келтірдік деп айтуға болады. Енді күкіртпен күресуіміз керек. Оған қатысты қазандықтарымыздағы техникалық көрсеткіштер нормадан біршама жоғары. Қазандықтардың аталмыш регламент енгізілгенге дейін жөндеуден өткені бұған себеп болса керек. Осыған орай, біз ЕҰУ-мен жасалған келісім-шарттың негізінде келесі жылы  "БКЗ - 420" қазандықтарын зерттеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Ғалымдардың жасаған ұсыныстарының ішінен технологиялық, экологиялық және экономикалық жағынан ең үздік нұсқасын таңдайтын боламыз", - деді "Астана энергия" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олег Уткин елорданың ауа бассейні тақырыбына арналған баспасөз туры барысында.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ЖЭО-2-нің төрт қазандығының агрегаттары жаңғыртылатынын жеткізді. Олардың бірі 2018 жылдың алғашқы тоқсанында, екіншісі 2018 жылдың соңына дейін және қалған екеуі 2019 жылы жаңғыртылады деп күтілуде. Жаңғырту шаралары негізінен азот оксидін төмендетуге бағытталады.

"Қолданыстағы техникалық регламент қалыпты метрге келтірілген 420 мг құрайды. Осы көрсеткішке дейін азот оксидін төмендетеміз. Жаңғырту шаралары жүргізіліп жатқан қазандықтардың барлығында да осы талаптар орындалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу