"Астана LRT": Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

842

"Астана LRT": Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

2018 жылдан бастап "Астана LRT" ЖШС жолақыны төлеудің электронды жүйесіне толықтай көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Осыған байланысты, "Астана LRT" елорданың барлық автобус паркі валидатормен жабдықталып,  ASTRA PLAT транспорттық электронды картасымен төлем жасайтынын мәлімдеді. Егер автобуста валидатор істен шықса, ол автобус маршруттық бағыттан шығарылып тасталады немесе жолаушылар тегін қатынайтын болады. 

Сондай-ақ, келесі жылы айлық жол жүру билеті де алынып тасталады. Қағаз билеттің орнына пластикалық карта шығады. Бағасы бұрынғыша – 7500 теңге күйінде қалдырылады. Ал транспорт картасының бағасы – 400 теңге. Бұл жаңалық жолақыны электронды жүйемен төлеуге толықтай ауысудың алғышарты. 

Сонымен қатар, жыртылып берілетін билет орамы да алынып тасталады, бұл көлеңкелі ақша айналымын тоқтатады. Жүргізушінің қасындағы (валидатор жүргізушінің жанында орнатылады) мөр басылған билет жолақының төленгенін растайды. 

Транспорт картасын алып үлгермеген азаматтар картаны арнайы мамандандырылған кассалардан, RTVM терминалынан және де халыққа ыңғайлы болу үшін Касса24 немесе QIWI терминалы арқылы толтыруына болады. 

25 желтоқсаннан бастап транспорт картасын сататын және электронды картаны толтыратын сауда орындарын көбейту жоспарланып отыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу