"Аstana LRT" өкілдері әуежай автотұрағының 1,4 миллион теңге тұратынын теріске шығарды

613

"Аstana LRT" өкілдері әуежай автотұрағының 1,4 миллион теңге тұратынын теріске шығарды

Әлеуметтік желіге тарап кеткен 1,4 млн теңгеден астам соманы көрсеткен паркомат фотосуретінің Астана әуежайына қатысы жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл фотосуретте Астана әуежайындағы автотұрақ үшін 1,4 млн. теңге 1 млн 475 мың теңге төленгендей көрсетілген. Мұның фотомонтаж болуы әбден мүмкін немесе Алматы әуежайында түсірілуі де мүмкін. Себебі Астанадағы төлем жүйесі биыл 9 тамызда, 12 күн бұрын іске қосылды. Ал фотосуретте бұл соманың 24 күн, 17 сағат үшін төленгені анық көрініп тұр", - дейді Аstana LRT" ЖШС баспасөз xатшысы Асқар Атагулин.

Оның айтуынша, фотосуретте соманың өзі дұрыс көрсетілмеген. Математикалық есеп бойынша басқа цифр тұруы тиіс. 24 күн 24 сағаттан және қосымша 17 сағат 593 сағатты құрайды. Бұл уақытты 2500 теңгеге көбейткенде 1 482 500 теңге шығады. Еске сала кетсек, фотосурет 19 тамыз күні жарияланды. Аккаунт иесі паркоматтың Астана әуежайында орналасқанын айтуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу