"Астана-марафоны-2017" марафонына 15 елдің желаяқтары өтініш берді

901

"Астана-марафоны-2017" марафонына 15 елдің желаяқтары өтініш берді

Кения мен Эфиопия желаяқтары "Астана-марафоны-2017"-ге қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

17 қыркүйек күні өтетін жарысқа 15 елдің желаяқтары өтініш берген. Осы жылы Африка спортшылары қатысатындықтан марафон мәртебесін жаңа деңгейге көтеру жоспарланған.

"Кения мен Эфиопиядан стайерлік қашықтықтағы көшбасшылары келеді. Олардың "Астана Марафон" жарысына қатысуы толығымен сайыстың сапасын өзгертеді. Біз үлкен нәтижелер күтеміз", - деді елорда медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында "Астана Марафон" директоры Гаухар Брамли-Фентон.

Сонымен қатар биыл ұйымидастырушылар тұрғындардың ескертуін ескергендерін айтады. Мәселен, жүгіру бағыты өзгертілген, оның бастауы ауыстырылған. Бұл тұрғындар қолайсыздық сезінбес үшін жасалып жатыр.

"Биыл біз ерте бастаймыз - сағат 7-00-де. Жүгірудің негізгі бөлігін астаналықтар ұйқыда жатқанда жүріп өтеді. Сондай-ақ осы жолы солтүстік жағалаудың орталық көшелері пайдаланылмайды. Мысалы, Тұран көшесін ашық қалдырамыз. Бұл аумақты тұрғындар пайдалану үшін қалдырдық. Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарына көбірек бағытталамыз. Сонымен қатар оңтүстік жағалауды жартылай пайдаланамыз", - дейді Гаухар Брамли-Фентон.

"Астана марафон" бағыты қаланың негізгі көрікті жерлерін көруге – Келісім және достық сарайы, "Хазірет Сұлтан" мешіті, "Бәйтерек" монументі, Назарбаев университеті, "Астана арена" секілді орындар арқылы өтеді.

Марафонның жүлде қоры әзірге құпия сақталуда.

"Астана Марафон" 1 млн адам жинаған "Балалар ауылы" мен балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық жүгіру акциясы кезінен 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.

2015 жылы елордада 42,2 шақырымға алғашқы жүгіру өтті. 2009 жылдан "Астана Марафон" әртүрлі қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін 31 065 458 теңге жиналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу