Қазақстан намысын халықаралық додаларда қорғап жүрген жалғыз велокомандамыз "Астана" жабылудың алдында тұр, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл туралы елордалық клубтың бас менеджері Александр Винокуров мәлімдеді. Оның айтуынша бірер айдан кейін маусым басталады. Алайда клуб қазынасына әлі де болсын қаражат келіп түспеген.
"Әзірге шығынды өткен жылы үнемделген ақшадан жауып жатырмыз. Оның үстіне жігіттер көптен бері жалақыларын алған жоқ", - дейді Винокуров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу