"Астанаэнергосбыт" ЖШС-на заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

1118

"Астанаэнергосбыт" ЖШС-на заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

ҚР ҰЭМ  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ы тарапынан табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға ҚР "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Заңының 5-бабы 1-тармағы 5) тармақшасын бұзу фактісі анықталды, деп хабарлады комитеттің ресми сайтында.

Осыған байланысты,  Департаментпен "Астанаэнергосбыт" ЖШС ҚР ӘҚБтК-ның 164-бабының 4 бөліміне сәйкес әкімшілік жазаға тарту туралы хаттама толтырылды.

Департамент Серіктестіктің өтінішіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК 24-бабының тәртібі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына қарауға берді.

Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен кәсіпорын 1600 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде  3 393 600 теңге мемлекеттік кіріске айыппұл ретінде әкімшілік жазаға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу