"Астана" баскетбол клубын македониялық маман Эмил Райкович жаттықтыратын болды, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл туралы оның агенті Стас Рыжов айтты.
Райкович македониялық "Кавадарцидегі" жұмысымен танымал, бұл клубпен бірге ол өз елінің чемпионатын үш рет жеңіп алған.
Сондай-ақ, бапкер "Скопье", "Вроцлав" және "Остров-Велькопольски" клубтарын жаттықтырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу