"Астананың" қарсыласы тағы бір футболшысымен қоштасады

560

"Астананың" қарсыласы тағы бір футболшысымен қоштасады

"Астананың" қарсыласы тағы бір негізгі құрам ойыншысынан айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.

Осыған дейін лиссабондық клубтің екі маңызды ойыншысы Вильям Карвалью мен Желсон Мартинштің клуб ауыстыру себебіне байланысты қазақстандықтарға қарсы ойнамауы мүмкін екені айтылған еді. Енді тағы бір жартылай қорғаушысы Родриго Баттальяның да командадан кететіні жайлы ақпарат тарауда.

26 жастағы аргентиналық футболшы осы маусымда "Спортинг" сапында өткізген 29 кездесуде 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Оны осы қыста англиялық "Вест Хэм" және "Вест Бромвич" командалары өз қатарларына қосуға ниетті көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу