Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Польшаның "Легиясымен" қарымта кездесу өткізу үшін кеше "Астананың" ойыншылары Варшаваға аттанды, деп хабарлайды aikyn.kz.
Тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні өтетін бұл кездесуге қазақстандық команда мынадай құрамда аттанды: Қақпашылар – Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен. Қорғаушылар – Марин Аничич, Игорь Шитов, Берік Шаихов, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков. Жартылай қорғаушылар – Марин Томасов, Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Срджан Граховац, Серікжан Мұжықов, Асқат Тағыберген, Роман Мұртазаев, Мәди Жақыпбаев. Шабуылшылар – Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қос команда арасындағы Астанада өткен алғашқы кездесуде жерлестеріміз 3:1 есебімен жеңіске жетті. Біздің команда ойындары арасынан Жуниор Кабананга (36-минут), Иван Маевский (45-минут) және Патрик Твумаси (94-минут) гол соқты.