Шортанды ауданында пластик шөлмектерді қайта өңдейтін шағын цех ашылады

830

 Шортанды ауданында пластик шөлмектерді қайта өңдейтін шағын цех ашылады

Биыл Ақмола облысының Шортанды ауданында пластик шөлмектерді өңдейтін шағын цех ашылады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған аудан орталығында полиэтилен қалталар шығаратын зауыт мұрындық  болып отыр. Жыл сайын 800 тонна өнім өндіретін кәсіпорын қалдықсыз өндіріс принципімен жұмыс істейді. Бүгінде шағын зауытта 30 адам еңбек етіп жүр. Қазір кәсіпорында пластик қалдықтарын қайта өңдеу цехын іске қосу бойынша жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Бүгінгі күні біздегі басты мәселе қоқыс. Қазір осы өндіріске қажетті қондырғы сатып алу жағы қарастырылып жатыр. Жоспар жүзеге асып жатса, пластик қалдықтарын ғана емес, далада шашылып жатқан полиэтилен қалталарын да қайта өңдеуге болады", - дейді Шортанды аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жетекшісі Татьяна Сытник.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу