"Астананың" тағы бір ойыны уақытынан бұрын өтеді

687

"Астананың" тағы бір ойыны уақытынан бұрын өтеді

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы "Астананың" тағы бір ойыны уақытынан бұрын өтетінін хабарлады, деп жазады vesti.kz.
"Қазақстаннан Еурокубок ойындарына қатысатын командалар премьер-лигадағы күнтізбелеріне байланысты Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына өтініш білдіре алады. Осындай өтініштің бірі "Астана" клубынан келіп түсті. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты елордалық команда 11 тамыз күні өтуге тиіс "Ақжайыққа" қарсы ойынды 23 мамырға ауыстыру жайын өтінген.
"Ақжайық" футбол клубы да ойын уақытын өзгертуге рұқсатын берген. Нәтижесінде ҚКФЛ шешімімен бұл ойын 23 мамыр күні өтетін болды", - деп жазылған ресми хабарламада.
Айта кетейік, "Астана" футбол клубы ел чемпионатының ХIX турындағы "Қызылжарға" қарсы ойынды да уақытынан бұрын өткізген еді. Қазіргі таңда 19 ұпаймен көш бастап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу