"Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару" жобасы іске қосылады

1326

"Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару" жобасы іске қосылады

2018  жылдың 15 қаңтарында елордада ақылы көлік тұрағын енгізу бойынша "Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару" жобасы іске қосылады. Жобаның алғашқы кезеңі аясында "Нұржол" желекжолында көлік тұрағы жұмысын бастайды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.   

Машинаны сағат таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін тұрақта қалдырғаны үшін көлік басқарушылар әр сағатқа 100 теңгеден төлейді. Төлем тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы  отыз минут ішінде жүзеге асырылуға  тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі,  төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы ақпаратты www.2888.kz. сайты арқылы, сондай-ақ, 8(7172) 57 64 81 тегін нөміріне хабарласып білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу