"Astra Plat" электронды төлем картасы бойынша жолақы құны 120 теңге болуы мүмкін

848

"Astra Plat" электронды төлем картасы бойынша жолақы құны 120 теңге болуы мүмкін

Астана қаласының әкімдігі жолақы мәселесі бойынша тұрғындарды қоғамдық кеңеске шақырды.

Жиын 27 маусым күні сағ 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.

"Астана қаласының қоғамдық кеңесі "Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы" тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізеді. Қоғамдық тыңдауға қатысқысы келетін бұқаралық ақпарат құралдары мен тұрғындар 26 маусым, сағат 14.00-ге дейін тіркелуі тиіс", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, Астана автобустарындағы жолақыны көтеру бастамасы мамыр айында көтерілді. Атап айтқанда, "Astra Plat" электронды төлем картасы бойынша жолақы бағасын - 120 теңгеге, ал қолма-қол ақшамен 170-200 теңгеге дейін арттыру жоспарланған.

"Жалпы, жол жүру бағасын көтерудің басты факторы дизельдік отын бағасының 40%-ға, қажетті құрал-жабдықтардың бағасы 2014 жылмен салыстырғанда 1,5-2 есеге қымбаттауы болып отыр. Бұған қоса автобус парктері қызметкерлерінің айлық жалақысын арттыру қажеттілігі бар. Қазіргі тарифпен бұған қол жеткізу мүмкін емес", – деді "Астана LRT" басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу