"Астық Транс" вагон қызметінің бағасын төмендетпекші

649

"Астық Транс" вагон қызметінің бағасын төмендетпекші

Жүк ағынын арттыру және қазақстан астығының экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында "Астық Транс" акционерлік қоғамы жақын күндері  вагон қызметін ұсыну құнын төмендетуді ойға алып отыр. Бұл туралы компанияның ресми сайтында мәлім болды.

Қазіргі таңда "Астық Транс" АҚ тиісті шараларды атқарып жатыр. Яғни, тасымалдаудың бағдарлары, экспорттың басымдыққа ие  бағыттары айқындалып,  тиімді тарифтік мөлшерлемелер есептелуде.
Жүк артылатын станцияда жүк жөнелтушілер сұраған  бос вагондарды уақтылы іркіліссіз  ұсынуға компанияның қарамағындағы вагон паркінің мүмкіндігі жеткілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу