"Атакентке" 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімінің күші жойылды

837

Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран" автовокзалын тарихи-мәдени мұра обьектілерінің алдын-ала жасалған тізіміне енгізді.

"Атакентке" 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімінің күші жойылды

"Баум бағы" табиғи ескерткіш.  Бақ Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткеннен соң мегаполис әкімдігі жеке тұлғалар мен автосалон иелерінің көлік тұрағын ұйымдастыру үшін жер телімін өз беттерінше пайдаланып келгенін анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша қазіргі кезде мегаполистің ең үлкен және жасыл аумағындағы барлық жер учаскелері қалаға қайтарылды.

Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бақ периметрі бойынша тәулік бойына жұмыс істейтін полицияның төрт посты іске кірісті, сонымен қатар бұрын құлаған ағаштардан жасалған эко-стильдегі навигациялық тақтайшалар, орындықтар қойылды. Терек, емен, қайың аллеялары үшін ағаштар отырғызу жоспарланған.

Ағаштардың иммунитетін арттыру және зиянкестерден қорғау үшін заманауи препараттарды арқылы жасыл желектер биологиялық өңдеуден өтетін болады. Табиғи аймақта флора мен фаунаны кеңейту міндеті қойылған.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы айлар ішінде тағы да бірқатар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Әкімдіктің қаулысы бойынша ҚІЫО "Атакентке" 23 гектар жер телімін уақытша жалға беру келісімінің күші жойылды.

Екінші деңгейлі банктің бірімен Розыбакиев-Штраус-Есқараев-Радостовец көшелері аумағындағы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы келісімге қол жеткізілді. Сақ қорғаны орналасқан бұл жерге ашық аспан астындағы Музей салу жоспарланған.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігі қала ипподромы мен "Сайран" автовокзалын тарихи-мәдени мұра обьектілерінің алдын-ала жасалған тізіміне енгізді.

реконструкциялауға қатысты кез-келген шаралар өкілетті органның келісімімен ғана жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу