NADLoC және Kaznex Invest ұлттық агенттіктерінің қызметтері "Атамекен" Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына (КҰП) тапсырылатын болады, деп мәлімдеді КҰП төрағасы Абылай Мырзахметов.
"Келер жылдан бастап NADLoC-тың қызметі ресми мониторинг жүргізіп, бизнеске қолжетімділіктің бірыңғай базасын жасау үшін ұлттық палатаға тапсырылады. Біз экспорт жұмысының бізге берілгенін қалаймыз. Инвестиция Kaznex Invest-тің қарамағында қалады. Жоғарыда аталған қызметті алғашқы тоқсанда қабылдап аламыз деп ойлаймын", – деді ол Астанада, "Ұлы дала елі" ІІ форумы кезінде, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".
Оның айтуынша, КҰП Қытай мен Ресейге нақты жол карталары бар экспортты дамыту тұжырымдамасын үстіміздегі жылдың желтоқсанында әзірлеуге дайын. Еліміз 2010 жылы экспорт және инвестициялар жөніндегі Kaznex Invest ұлттық агенттігін құрған болатын. Аталмыш агенттік шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерлету жүйесінің ұлттық операторы әрі шетелдік инвесторларды тарту және олармен жұмыс жүргізу жөніндегі арнайы мемлекеттік компания болып табылады.