"Атамекен" ұлттық палатасы 141 жобаға қаржылай қолдау көрсетті

670

 "Атамекен" ұлттық палатасы 141 жобаға қаржылай қолдау көрсетті

Талдықорған қаласында өткен республикалық Asar форумында Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары ұсынған 4 әлеуметтік жоба қабылданып, 4,6 млрд теңге қаржы бөлінетін болды, деп хабарлайды Baq.kz.

Талдықорған қаласында ұйымдастырылған форум жұмысына Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев, "Атамекен" ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және бизнесмендер мен мемлекеттік құрылымдардың, отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың үш жүзге жуық өкілі қатысты.

Asar форумы - қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу үшін ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің ынтымақтастығына тиімді, сұранысқа ие және креативті диалог алаңына айналды. Форум "Әр жылы – жаңа өңір" қағидасы бойынша өтуде.

2017 жылы алғашқы форум Атырау қаласында өтсе, биыл Талдықорған қаласы таңдалды. Өйткені, Алматы облысы үкіметтік емес ұйымдар Жергілікті қоғамдастық қорын құру бойынша арнайы жоба әзірлеген және оны тәжірибе жүзінде іске асырған еліміздегі алғашқы өңір", - деп атап өтті дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев.

"Asar" форумына қатысуға Алматы облысынан ғана емес, Қазақстан бойынша үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен екі жүзден астам ұсыныс берілген. Іріктеуден өткен 141 жоба форумда қаралып, "Атамекен" ұлттық палатасы тарапынан қаржылай қолдауға ие болады. Ал Алматы облысынан қтысқан 30 қоғамдық бірлестіктің төртеуінің жобасы нақты қаржыландыруға қол жеткізді.

"Атамекен" ұлттық палатасының әлеуметтік мәселелерді шешуге бизнестің қатысуы мен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру бойынша бастамалары жүзеге асып жатыр. Бүгінде бизнес қауымдастық жоғары әлеуметтік жауапкершліктің үлгісін көрсетіп отыр. Былтырдың өзінде 2 мың компания әлеуметтік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мақсатында 122 млрд теңге қаржы жұмсаған. Биыл да бұл үрдіс жалғасады", - дейді "Атамекен" ұлттық палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу