"Atameken business channel" телеарнасы "Тұмар" сыйлығын жеңіп алды

724

"Atameken business channel" телеарнасы "Тұмар" сыйлығын жеңіп алды

Елордадағы "Қазмедиа Холл" киноконцерт залында өткен "Тұмар" І ұлттық телевизиялық бәйгесінде 12 номинациядағы үздік теле жобалар белгілі болды.

Ұйымдастырушылар отандық телеарналар мен продакшн-студиялардан 200-ден астам өтінім қабылдады. Әділқазылар жабық дауыс бере отырып, 12 үздік жобаны белгіледі.

Бұл додада "Atameken business channel" телеарнасы "Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы" номинациясының жеңімпазы атанды.

Өзге де номинациялардағы жеңімпаздар:

"Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін" – қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сұлтан Оразалы.

"Үздік әлеуметтік жоба" – "Қазақстан" ұлттық арнасы, "Айтуға оңай" бағдарламасы;

"Үздік телевизиялық телехикая" – "Қазақстан" ұлттық арнасы, "Әке" телехикаясы;

"Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама" – "Қазақстан" ұлттық арнасы, "Аpta.kz" бағдарламасы;

"Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама" – "Қазақстан-Атырау" телеарнасы, "Адасқандар" бағдарламасы;

"Үздік деректі кино" – "Хабар" телеарнасы", "Тайны и судьбы великих казахов" деректі фильмі;

"Үздік ақпараттық бағдарлама" – "31" телеарнасы, "Информбюро" жаңалықтары;

 "Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама" – "Рика ТВ" телеарнасы (Ақтөбе қаласы), "Город сегодня" бағдарламасы;

 "Үздік музыкалық бағдарлама" – "ТV Key" ЖШС, "Музыкальный Перформанс";

"Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы" – "Балапан" телеарнасы, "Күлегеш" бағдарламасы;

 "Үздік ток-шоу" – "КТК" телеарнасы, "Наша правда" ток-шоуы;

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу