"Атамекеннің" қатысуымен барлық өңірде кедендік рәсімдеу аймағы құрылады

553

"Атамекеннің" қатысуымен барлық өңірде кедендік рәсімдеу аймағы құрылады

"Атамекен" палатасының қатысуымен еліміздің барлық өңірінде кедендік рәсімдеу аймағы құрылады.  Бұл жайында бүгін елордада өтіп  жатқан Түркітілдес мемлекеттер іскерлік кеңесінің 5-отырысында "Атамекен" палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Әрбір өңірде кедендік рәсімдеу аймағын құру туралы шешім қабылданды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев облыстарға ұсыныс жасап отыр. Егер бізде серіктестер болса, онда ол беруге дайын. Кедендік рәсімдеу аймақтары стандартқа сай, бизнеске ыңғайлы болуы үшін палатаға бермек. Біз жеке инвесторлармен бұл жұмысты жүзеге асыруымыз қажет. Нәтижесінде палатаның беделі мен мүмкіншілігі көтеріледі", – дейді Абылай Мырзахметов.

Оның айтуынша, үкімет басшысы кеденнен жүкті жедел өткізу жұмысын жеке бақылауында ұстап отыр. Кедендік кедергілерді, әсіресе, Ақтауда түбегейлі қысқарту жөніндегі жоспарға қол қойылған.

Премьер-министр Ақтауға үш мәрте барып, жағдайды зерделеп қайтты. Нәтижесінде құжаттар саны қысқартылып, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау кеденде жүзеге асырылатын болды. Ең бірінші кезекте, Ақтау мен Қорғастағы кедендік инфрақұрылым жақсартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу