"Атырау" футбол клубы хорватиялық қорғаушы Ивица Жуничпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды prosports.kz.
Жунич – "Электробосн" футбол клубының түлегі, орталық қорғаушы позициясында ойнайды. Австрия, Польша, Ресей және Украина чемпионаттарында ойнаған. Соңғы рет "Черноморецтің" намысын қорғады.
Футболшымен келісімшарт 2018 жылғы маусымның соңына дейін жасалды. Ойыншы 23-нөмірмен ойнайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу