"Атырау-Астрахан" тасжолының құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Атырау-Астрахан" жолын қалпына келтірудің екінші бағыты аясында 277 шақырымға жоба-сметалық құжат дайындалды. Оған сәйкес, жол Атырау қаласынан бастап Ресей Федерациясының шекарасына дейін созылады. "Қазіргі таңда жобаны қаржыландыратын Ислам даму банкімен келісімшарт жасалуда", деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, облыста Атырау қаласын айналып өтетін жол салынады. Ұзындығы – 26 шақырым. Бұл жол "Ақтөбе-Атырау" және "Атырау-Астрахан" мемлекеттік маңызы бар тасжолдарын байланыстырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу