"Атырау барысы" анықталды

766

"Атырау барысы" анықталды

Атырауда қазақ күресінен "Қазақстан Барысына" Атырау қалалық іріктеу турнирі өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ күресінің бәсекесіне Атырау қаласының 12 балуаны қатысты. Салмағы 90 келіден жоғары түйе балуандар арасындағы бәсеке тартысқа толы болды. 

Атырау қаласының Барысы болып Амандық Абылай танылды. Ол ақтық сында Бақтыбай Дастанды жеңді. Жеңімпаз болған балуандарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
"Өздеріңіз білетіндей қазақ күресі аса қарқынды түрде дамып келеді. Жыл сайын әлем біріншіліктері, "Қазақстан Барысы", "Әлем барысы", "Еуразия барысы", "Халық барысы" көптеген көптеген ауқымды жарыстар ұйымдастырылып келеді", - дейді Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.
Қаладан үздік шыққан қос балуан 5 мамыр күні өтетін облыстық турнирге жолдама алды.                

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу