"Автобус" жедел алдын алу іс-шарасына қорытынды жасалды

650

"Автобус" жедел алдын алу іс-шарасына қорытынды жасалды

Ішкі істер министрлігі мен инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп өткізілген "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасына қорытынды жасалды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі
"Қазақстанда жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен 500-ден астам жол-көлік оқиғасы болады, нәтижесінде шамамен 60 адам көз жұмып, 800-ден астам  адам жарақаттанады" - дейді ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев. 
Жолаушы көліктерінің апатына жасалған талдау көрсеткендей, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі көлік тәртібінің төмен болуы, тиісті бағытталған алдын алу жұмыстарының және лауазымдық тұлғалар мен бағытқа жолаушы автокөлігін шығаруға жауапты тұлғалардың тарапынан бақылау жүргізілмеуінен орын алғандығын дәлелдейді. Осындай бұзушылықтардың орны алғаны үшін сомасы 5,7 млн теңгеден астам айыппұл салынған автобус паркінің 190 лауазымдық тұлғасы жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында барлығы қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 19 мың құқықбұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Атап айтқанда, еңбек пен демалыс режимі бұзылған – 166 жағдай, 245 тиісті куәліксіз жүргізу фактісі, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың болмауы бойынша – 594, жылдамдықты асыруда – 1 135 факті, көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану бойынша 3,5 мыңнан астам факті, жолаушыларды заңсыз тасымалдауға байланысты 195 факті анықталды.
Тексерілген әрбір алтыншы көлік құралында техникалық ақауы бар бола тұра,  олардың жартысынан көбінде рейс алды бақылаудан өткені туралы белгісі болған. 312 заңсыз қайта жабдықтау фактісі анықталды, сонымен қатар көптеген фактілерде отыру орындары алынып тасталған және жатын орындарға айналдырылған немесе жүк қоятын бөлікке айналдырылған. Сонымен қатар, жедел-алдын алу шарасы барысында рейс алдындағы тексеруден өтпеген 65 автобус анықталды, міндетті түрде техникалық қараудан өтпеген автобусты жүргізудің 780 фактісі анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу