"Автоураган" қарызы бар автокөліктерді анықтап береді

722

"Автоураган" қарызы бар автокөліктерді анықтап береді

ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және басқа да бейінді органдармен бірлесе әкімшілік айыппұлды өндіру, сондай-ақ салық пен басқа да төлемдерден жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау үшін іс-шара жүргізуде, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Автоураган" жылжымалы мобильді кешені көмегімен жалпы транспорттық ағымнан қарызы бар автокөліктерді танып, полицейлерге әкімшілік айыппұлды төлемеген борышкерлерді мәліметтер базасынан анықтайды. Осылайша "Автоураган" мәліметтер базасының операторы арқылы айыппұлды төлемеген борышкердің нөмірі анықталып, одан кейін көрсетілген автокөлікті жолда тоқтатып тұрған полицейге беріледі. Айыппұлдарды төлеген және шектеулерді алу жөнінде сот орындаушыларының қаулысын көрсеткен соң, автокөлік авто иелеріне қайтарылады.

2018 жылдың басынан бері тәртіп сақшылары "Автоураган" кешені көмегімен айыппұл мен салықты төлеуден жалтарған 500 жүргізушінің көлігін айыппұл тұрағына әкеткен. Облыс бюджетіне миллиард теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар тәркіленген.

Қазіргі таңда ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен облыс орталығының жолдарында жүргізетін "Автоураган" екі мобильді жылжымалы кешені пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу