"Азия Авто" зауыты жеңіл көліктерге арналған тіркеме шығарды

1121

"Азия Авто" зауыты жеңіл көліктерге арналған тіркеме шығарды

Өскемендегі "Азия Авто" зауыты жеңіл көліктерге арналған тіркемелердің алғашқы топтамасын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тіркеменің сызбасын зауыттың өз инженерлері дайындаған. Бөлшектердің 55 пайызы осында жасалған. Яғни, шанағы мен дөңгелек біліктері, борт топсалары мен электр сымының бумалары сырттан әкелінбейді. Биыл 450 дана шығару жоспарлануда. Тіркеме Еуразия экономикалық одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттіне сай жасалған. 

"Жергілікті конструкторлар жаңа модельдерді жобалайтындай деңгейге жетіп отыр. Келешекте ауыр және орта салмаққа арналған тіркемелер өндірісін қолға алмақпыз. Моторлы шаңғы мен ауыл шаруашылығына арналған моторлы шағын техникалар құрастыру да ойда бар.  Алғашқы топтама 19 өңірдегі бөлімшелерге жіберілді. Бағасын 260 мың теңге деп отырмыз" - дейді "Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаев.

Ұзындығы 3 метр, ені 1,7 метр болатын бұл тіркемелер 570 келіге дейін жүк көтереді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу