"АЗИЯ АВТО" жаңартылған LADA Granta көлігінің бағасын жариялады

2703

"АЗИЯ АВТО" АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың айтуынша, жаңа LADA Granta Қазақстан нарығындағы қолжетімді бағасын сақтап қалады. 2 945 000 теңгеден басталады.

"АЗИЯ АВТО" жаңартылған LADA Granta көлігінің бағасын жариялады

Қазақстан көлік нарығына жаңа LADA Granta-мен толығайын деп тұр. Көлік құрастырушылар бұл туралы тамыз айының аяғында мәлімдеген болатын, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Арада үш апта өткенде өскемендік "АЗИЯ АВТО" зауыты жаңа модельді ұсынуға дайын екенін жеткізді. Су жаңа көліктің алғашқы топтамасы қарашаның аяғына дейін "Бипек АВТО"-ның 19 филиалына жеткізіледі.

Жаңа LADA Granta 1,6 литрлі қозғалтқышқа ие. Өндірушілер көліктің 5 сатылы механикалық және 4 сатылы автоматты қозғалтқышты моделін қатар ұсына алады. Таңдау сатып алушының еркінде. Бұл ретте алдын ала тапсырыс беру шарты қабылданатынын айта кетейік. Сондай-ақ жаңа автокөлік жанармайға да үнемді көрінеді. 100 шақырымға – 6,5 литр.

"АЗИЯ АВТО" АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың айтуынша, жаңа LADA Granta Қазақстан нарығындағы қолжетімді бағасын сақтап қалады. 2 945 000 теңгеден басталады. Ал әмбебап Granta SW – 3 950 000 теңгеге ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу