"Азия жауынгері" халықаралық турнирі өтіп жатыр

569

"Азия жауынгері" халықаралық турнирі өтіп жатыр

Елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде Nomad MMA стилінде VIII Халықаралық "Азия жауынгері" турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Азияның мықтысы атағы үшін 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынауда. Олардың ішінде Қазақстан, Пәкістан, Иран, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ауғанстан және Ресейдің өкілдері бар.

"ММА спорт түрі әлемнің көптеген елдерінде ертеден қолға алынып, көш ілгері дамыған. Осы тұрғыда біз ММА-ның өзіндік әдісін ойлап шығару жолында біраз еңбектендік. Бірқатар елге барып, аталған спорт түрінің деңгейі мен жетістіктерін қарастырдық. Атқарылған жұмыстың арқасында "Nomad MMA" көшпелі халықтардың күресін ойлап шығардық. Біздің бастапқы мақсатымыз - жас ұрпақты ММА арқылы спортқа баулу. Елімізде ММА бойынша орта буын өкілдерінен кәсіби спортшы жоқтың қасы. Осы олқылықты жою үшін жасөспірімдерді көптеп тартып жатырмыз. Жарысқа қатысып, жүлделі орын алмаса да, жеткіншек өзі үшін, өзін қорғау үшін айналысса, ол да біз үшін жетістік. Елімізде бұл спорт енді ғана жанданып, қолдауға ие бола бастады. Өздеріңіз көріп отырғандай, осымен 8-рет ұйымдастырылып отырған турнирге 500-ге жуық спортшы қатысуда", - деді "Nomad MMA" республикалық федерациясының президенті Гаджи Гаджиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу