Ағымдағы жылдың тамыз айында Медеу мұз айдынында "Азия жұлдызы" фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін Ақордада өткен Рухани жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтты.
"Бүгін мен жоспарда тұрған 2 жаңа бастама жайында айттым. Бұрын "Азия дауысы" жобасын туралы бәрі білетін. Сондықтан, біз Медеу, Шымбұлақты көрсетіп, жалпы Алматының туристік әлеуетін көтеру үшін "Азия жұлдызы" деген жобаны бастамақпыз.
Қыркүйек айында, өздеріңіз білетіндей, әрбір үшінші демалыс күні Алматы қаласы күні тойланады. Сол күні Медеу мұз айдынында осындай фестивальді өткізу арқылы өзіміздің мәдениетімізді Азияға паш ететін боламыз", - деді қала басшысы.
Әкімнің айтуынша, бұдан бөлек, "Қазақфильм" киностудиясы аумағында бос жатқан жерде этноленд жобасы қолға алынады. Ол жерде қала тұрғындары, аймақтардан келген азаматтар, шетелдік қонақтар Алматының мың жылдық тарихымен таныса болады.