"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ ЕДБ кепілімен АӨК субъектілерінде 2017 жылғы өнімінен астықты форвардтық сатып алу басталатыны туралы хабарлады.
Корпорация мәлім еткендей, форвардтық сатып алуда міндеттемелердің орындауын қамтамасыз ету үшін екінші деңгейлі банктердің кепілдіктерін ұсыну, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ белгілейтін астық қабылдау кәсіпорындарына жеткізу, алдын ала төлем сомасынан 5 % мөлшерінде комиссия төлеу талап етіледі.
Сондай-ақ міндеттемелерді орындау мерзімі 2017 жылдың 1 желтоқсаны (қоса есептеледі) деп белгіленген.
Дақылдардың 1 тоннасы үшін алдын ала төлем мөлшері келесідей:
жұмсақ бидай – 20 000 теңге; қатты бидай – 25 000 теңге; арпа – 15 000 теңге; сұлы – 10 000 теңге; қарақұмық – 45 000 теңге; қарабидай – 15 000 теңге; тары – 15 000 теңге; астыққа жүгері – 20 000 рапс – 50 000 теңге; майлы зығыр дәні – 40 000 теңге; соя – 50 000 теңге.