"Азық-түлік корпорациясының" міндеттері кеңейеді

787

"Азық-түлік корпорациясының" міндеттері кеңейеді

"ҚазАгро"  холдингінің еншілесі компаниясы болып табылатын "Азық-түлік корпорациясының" міндеттері кеңейеді. Ол  елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқалы отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті.

"Осыған байланысты  ықтимал экспорттық нарықтар – олар, ең алдымен Қытай, Ресей және Парсы шығана елдері  бойынша "жол карталарын" бекітудің мақсатты тәсілдемелерін жасау қарастырылып отыр. Ол үшін  "Азық-түлік корпорациясының" жұмысы қайта құрылып,  ол тек астық емес, басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттайтын болады.  Сонымен қатар  "Қазэкспортгарант" арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық келісімшарттарына сақтандыру және кепілдендіру ұсынылатын болады", – деп атап өтті  бірінші вице-министр сейсенбі күні үкімет отырысында.
Бұдан біраз бұрын "Азық-түлік корпорациясы" компаниясы жекешелендіруге қойылған ұйымдар тізімінен шығарылғаны айтылған болатын.
"Азық-түлік корпорациясы"  мемлекеттік ресурстарға астық сатып алумен айналысады. Оның 100 пайыз акциясы" ҚазАгро" ұлттық холдингіне тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу