"Б" корпусындағы басшыларды аттестаттау нәтижесі жарияланды

758

"Б" корпусындағы басшыларды аттестаттау нәтижесі жарияланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметтің "Б" корпусындағы басшыларды аттестаттау нәтижесін жариялады, деп xабарлайды inform.kz.

Оның айтуынша, аттестаттаудың алғашқы кезеңі аясында 1 139 мемқызметкердің біліктілігі тексерілді. Оның ішінде президент әкімшілігі, министрліктерге қарасты комитет төрағаларының орынбасарлары мен департамент директорлары, премьер-министр кеңсесі, жоғарғы сот, сенат пен мәжілістегі бөлім меңгерушілерінің орынбасарлары, сондай-ақ облыстық басқарма басшылары бар.

Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін президент жанындағы жоғары аттестациялық комиссия тексерді.

"Аттестаттаудың алғашқы кезеңінде мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы жоғары бағаға ие болды. 11 пайызын, яғни 130 адамды қызметі жағынан көтеру туралы ұсыным берілді. Ал аттестаттаудан өтпеген мемлекеттік қызметкерлердің 4 пайызын, яғни 36 адамның қызметін төмендету ұсынылды. Оның барлығы аймақтық басқармалар деңгейіндегі мемлекеттік қызметкерлер", – дейді Шайымова.

Айта кетейік, "Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау жылдың ортасына дейін жалғасады. Биыл аттестаттау үш деңгейде – республикалық, облыстық және аудандық дәрежеде өткізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу