"Байқоңыр" кешенін жалға беруден түскен қаражат 2,6 млрд доллардан асты. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Қазақстан бюджетіне "Байқоңыр" кешенін жалға беруден түскен жалпы қаражат көлемі 2645 млн АҚШ долларын құрайды. Кешенді жалға беруден түскен ақшаны жарату Қазақстанның бюджеттік заңнамасына сәйкес шешіледі", - дейді Сағынтаев.
"Байқоңыр" космодромы Ресейге 1994 жылы берілген. Жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады. Кешеннің бір жылдық жалдау ақысы - 115 млн доллар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу