"Бәйтерек" холдингі "Қазақстан Темір жолы" АҚ-мен және оның еншілес ұйымы "ҚТЖ-Экспресс" АҚ-мен, "Verno Capital" инвестициялық қор – шетелдік қатысушылармен және "PNK Group" девелоперлік компаниясымен бірлесе отырып, заманауи қойма орынжайларын салу жобасын іске қосты, деп хабарлайды baiterek.gov.kz.
Қоймалар "Хоргос – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы аумағына орналастырылады. Жобаны "Бәйтерек" холдингі өзінің еншілес ұйымы "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ құрған Қазақстанның инфрақұрылымдық қоры арқылы қаржыландырады.
Айдар Әріпхановтың айтуынша, "Бәйтерек" холдингінің шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылының инвестициялық, сауда, инновациялық және энергетика салаларында болашағы зор. Холдинг стратегиялық инвестициялық әріптестікті ұлғайтуға және өзара қызығушылық танытқан жобаларды қаржыландыру бағытын жалғастыра бермек.