"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармасының шешімімен Нұржан Нұрланов "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
Нұржан Нұрланов American InterContinental University (Ұлыбритания, бизнес-әкімшілендіру бакалавры), University of Wales (Ұлыбритания, маркетинг магистрі), Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін (Қазақстан, мұнай-газ ісінің техникасы мен технологиясының бакалавры) тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
2011 жылдан бастап "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-да менеджер, Инвестициялық ынтымақтастық департаментінің директоры, Өңірлік ынтымақтастық қызметінің басқарушы директоры лауазымдарында болды.
Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі өңірлік даму бөлімінің сарапшысы (2012-2013), "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры (2013-2014), "ҚазТрансГаз" АҚ газ маркетингі жөніндегі басқарушы директоры (2014-2016), "ҚазТрансГаз" АҚ техникалық саясат жөніндегі бас директордың орынбасары, басқарма мүшесі (2014-2016) қызметтерін атқарды.