"Бәйтерек" монументі 1 маусым күні ашылады

898

"Бәйтерек" монументі 1 маусым күні ашылады

"Бәйтерек" монументінің әкімшілігі жөндеу жұмысын 1 маусымға қарай аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Астана Бәйтерек" ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев.

"Нысан 2017 жылдың 1 маусымында іске қосылады. Біз құрылыс материалдарына – мәрмәр мен шыныға тапсырыс бердік. Олар ертең немесе бүрсігүні қалаға жетуі тиіс. Монументтің ішкі бөлігі толықтай сырланды, қазір сыртқы жағын бояп жатыр. Материалдар уақтылы келсе болғаны", – дейді ол.

Мұрат Сапарғалиевтің айтуынша, монументтің іші өзгеріссіз қалады.

"Бұл – қайта құрастыру емес, күрделі жөндеу жұмысы. Біз тек монументті толықтай жаңартамыз. Мысалы, керамогранитті мәрмәрға ауыстырамыз", – дейді серіктестік директоры.

Оның айтуынша, бұл 2002 жылдан бері Бәйтерекке жасалған алғашқы жөндеу жұмысы. Ол "Бәйтеректің" сумен жабдықталып, лифт шахтасындағы әйнектердің ауыстырылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, таяу күндері видеобақылау камералары орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу