"Бәйтерек" монументі жабылады

1018

"Бәйтерек" монументі жабылады

Үстіміздегі жылы 21-28 мамыр аралығында "Бәйтерек" монументі жоспарлы реставрациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келушілер үшін жабық болады, деп хабарлайды мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған кезеңде еліміздің басты ескерткіштерінің бірінде келесідей жұмыстар жүргізіледі: конструкцияның шыны бөлігін жуу, металл тіректерді сырлау, кейбір мәрмәр элементтерді ауыстыру және ауа райының қолайсыздығының салдарынан туындаған кейбір кемшіліктерді түзету. 

"Бәйтерек" монументі 29 мамырда келушілер үшін есігін айқара ашады, үзіліссіз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 300 теңге, ересектер үшін – 700 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу