"Бәйтерек девелопмент" АҚ атқарушы органдардың құнды қағаздарын сатып алды

1212

Компания жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын сатып алу жөніндегі бірыңғай қаржы операторы болып отыр.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ атқарушы органдардың құнды қағаздарын сатып алды

Астана, СҚО, Қостанай және Атырау облысы әкімдіктері 6,6 млрд теңгеге облигация шығарды, деп хабарлайды "Бәйтерек девелопмент" АҚ баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстандық қор биржасының алаңында жергілікті атқарушы органдардың 6,6 млрд теңге көлеміндегі облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Мемлекттік бағалы қағаздарды сатып алушы болып "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" АҚ болды. Бір облигацияның номиналды бағасы 1 мың теңге. Бағалы қағаздар 0,35% жылдық купондық ставкасымен екі жыл мерзімге шығарылды.  

"Компания муниципалды облигацияларды Астана қаласынан - 2,5 млрд теңге сомасында, Қостанай облысынан – 1,9 млрд теңге сомасында, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысы 1,2 млрд және 1,0 млрд теңге сомасында алды", - деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Куздибаев. 

Ол әкімдіктің бағалы қағаздары "Бәйтерек девелопмент" тұрғын құрылысын қаржыландыру үшін 2016 жылдан бері сатып алына бастағанын атап өтті. Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдар жаңа үйлерді пайдалануға беріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына пәтерлерді өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу