"Бала дауысы" ән байқауына 4 мың өтінім түскен

801

"Бала дауысы" ән байқауына 4 мың өтінім түскен

"Бала дауысы" ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа қатысуға 4 мың жеткіншек өтінім берген. Ұйымдастырушылар оның сексенін таңдап алыпты, деп хабарлайды almaty.tv.

Алматыда талантты жас дарындарды жанды дауыста тыңдады.

Іріктеу кезеңінен тек 18 бала ғана өтеді. Олар "жұлдызды үйге" орналастырылады. Танымал әншілер мен әртістер әрқайсысымен жеке жұмыс жасайды. Осылайша, Астана қаласында 8 қыркүйек күні өтетін ақтық мәреге дайындалады. Ортақ дауыс беру арқылы финалда әділқазылар мен көрермендер жеңімпазды анықтап, Париждегі Диснейлендке баруға мүмкіндік береді. Оған қоса Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының грантына ие болады.

"18 финалистің екеуі Алматы, Астанадан. Себебі біздің Алматы, Астана қаласы еліміздің мегаполисі, миллиондаған балалар болғаннан кейін, осы екі қаладан екі баладан таңдаймыз да, қалған облыстардан бір-бір баладан таңдаймыз", - дейді "Бала дауысы" балалар ән байқауының ұйымдастырушысы Толғанай Хасен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу