"Балаларыңыздың дені сау болсын!" тұңғыш медициналық қайырымдылық шарасы өтті

1465

"Балаларыңыздың дені сау болсын!" тұңғыш медициналық қайырымдылық шарасы өтті

Алматыда бала асырап алған отбасылар үшін "Балаларыңыздың дені сау болсын!" бір айлық қайырымдылық шарасы  басталды.

Бұл қайырымдылық шарасының мақсаты – бір немесе бірнеше бала асырап алған отбасыларға қолдау көрсету. "Бала жанұяда өмір сүруге тиіс" Қоғамдық қозғалысының жетекшісі Әлия Қаңтарбаеваның айтуынша,  мұндай отбасыларға қолдау ауадай қажет. 

"Баланы патронаттық тәрбиеге, қамқорлығына, болмаса асырап алған әрбір отбасы үшін бұл үлкен жауапкершілік.  Мұндай жанұяларға мемлекет тарапынан белгілі бір сомада қаржылай көмек берілгенімен, бұл қаражат балаға қажетті барлық шығынды жабады деп айта алмаймыз. Өйткені, баланы қамқорлыққа алу – үлкен жүректі мейірбан адамдардың ғана қолынан келеді. Ал, бүлдіршіннің  материалдық қажеттілігін толықтай өтеуге отбасының мүмкіндігі бола бермейді. Себебі, кейбір ата-ана 7 балаға дейін қамқорлығына алып отыр", – Әлия Қаңтарбаева.

Балалар үйінде тәрбиеленген бүлдіршіндердің басым көпшілігінің дамуында кешеуілдеу болады. Олардың денсаулығы мен жүйкесінде кінәрат бар. Бала асырап алған кез келген отбасы осы мәселемен бетпе-бет келеді, дейді "Бала асырап алған ата-аналар" Қауымдастығының үйлестірушісі, Жанна Ким.

 Анастасия Наумова біреуін 5 айында, біреуін 3 жаста, екі бала асырап алған. Ол балалардың денсаулығы да үнемі күтімді қажет етеді.

"Бұл балаларды асырап алудың өзі оңайға соқпады. Біз, Алматы мен Алматы облысындағы барлық сәбилер үйін аралап шықтық. Олар бізге балаларды көрсеткісі келмеді. Тек, Алматыдағы "Сәбилер үйінде" бізге Ваняны көрсетті. Біз бірден асырап алуды жөн көрдік. Өйткені, ол сүп-сүйкімді болатын. Ал, Шелектегі Мамандандырылған сәбилер үйінен қызымыз Варяны кездестірдік. Ол менің күйеуімнен аумайтын, тәтті балақай еді. Осылайша, біз бір отбасыға айналдық.  Ал, мұндай қайырымдылық шаралары аса қажет. Әсіресе, балаларды кешенді тексеру – таптырмас мүмкіндік. Мысалы, менің қызым Иммунды тапшылық синдромына (ВИЧ) шалдыққан. Біз оны жасырмаймыз. Ал, ұлымыздың анасы ВИЧ жұқтырған, бірақ, Ваня бұл дерттен аман екен", – Анастасия Наумова.

"Қазір, көпшіліктің арасында "медицина-бизнеске айналды" деген пікір бар. Шындығында, дәрігерлердің басым көпшілігі әйелдер. Ал, әйел – ең алдымен ана! Ана үшін, баланың денсаулығынан артық бақыт жоқ.  Сондықтан да, мұндай қайырымдылық шараларға қуана қатысамыз. Өйткені, жақсылық жасаудан адам қуат алады", – дейді "Gastroclinic" медицина орталығының өкілі Салтанат Әбілтаева.

10 қаңтардан бастап бір ай бойы жалғасатын "Балаларыңыздың дені сау болсын!" қайырымдылық шарасын "TopDoc.me" дәрігерлерді онлайн іздеу қызметі ұйымдастырып отыр.  Шара аясында 45 асыранды баланы "Карудо" педиатрия орталығы, "StarMed" және "Gastroclinic" медицина орталықтары  мен "Sapa Lab" зертханасы тексеруден өткізеді.Жоба барысында жоғары санатты және тәжірибелі  педиатр, отоларинголог, непрапатолог, хирург, гинеколог, эндокринолог секілді дәрігерлер бала бойындағы сырқат түрін анықтайтын болады.

Егер осы шара туралы естіген, асыранды баласына медициналық көмек қажет ететін алматылық отбасы болса, "Бала жанұяда өмір сүруге тиіс" Қоғамдық қозғалысымен хабарласып, тегін медициналық көмек сертификатын ала-алады. Өйткені, ұйымдастырушылар  бір ай ішінде 60 балаға дейін, тегін тексеруге әзір.

Қазірге тек, Алматы қаласын қамтып отырған бұл қайырымдық шарасы болашақта Астана, Ақтау, Өскемен, Қарағанды шара жалғасын табады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу