"Балмұздақ" ЖШС алғаш рет өнімін экспортқа жіберді

2453

"Балмұздақ" ЖШС алғаш рет өнімін экспортқа жіберді

Бүгінде "Балмұздақ" ЖШС-і өз өнімдерімен бүкіл Қазақстанды қамтып отыр. Осы жазда кәсіпорын алғаш рет 6 млн. 130 мың теңге тұратын 8746 кг көлеміндегі өнімінің алғашқы партиясын экспортқа шығарды. Өнім партиясы – Өзбекстан еліне жіберілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Балмұздақ" ЖШС-і ұдайы заман талабына сай озық технологияларды ендіріп, балмұздақ өндірісі үшін қажетті барлық шикізатпен қамтамасыз етілген, арнайы талапқа сай сертификаттары бар. Бүгінгі таңда 200-ден астам жұмысшысы бар кәсіпорында 50-ге жуық балмұздақ түрі өндіріледі.

"Балмұздақ" ЖШС-нің тарихы сонау 1987 жылдан бастау алады. Қоғамдық тамақтану кәсіподағына қарасты кішігірім цех ретінде негізі қаланған ол (сол кезде Ленгер Райпотребсоюзы) балмұздақ өндіру кооперативі болып құрылған. Райпотребсоюздан жеке меншікке сатып алу негізінде, фирма ретінде "Балмұздақ" ЖШС-і болып 1998 жылы наурыз айында қайта құрылған. Бұл Түркістан облысындағы алғашқы жеке меншік балмұздақ өндірісі еді.

Кәсіпорынның бәріне таныс өзіндік логотипі бар. 2000 жылы "Балмұздақ" ЖШС-і ҚР Қазпатентте "Ақ аю" мен "Буратиноның" суреттері бар фирмалық белгілерін патенттеген. Бұл логотиптер Ленгер балмұздағының сапа белгісін айқындап, өзгешелігін көрсетеді.

Айта кетерлігі, кәсіпорын жақын арада өз тауарын Қырғызстанға, ал болашақта барлық Орта Азияға экспорттауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу