"Банк ЦентрКредит"-тің Delta Bank салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

1422

"Банк ЦентрКредит"-тің Delta Bank салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен Delta Bank АҚ салымшыларына өтемақы төлейтін "Банк ЦентрКредит" АҚ банк-агент арасындағы келісім ұзартылды. Енді Delta Bank АҚ салымшылары банк-агентке өтемдерін қайтару үшін 2019 жылдың 19 мамырына дейін өтініш бере алады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

2018 жылдың 17 мамырынан бастап "Delta Bank" АҚ салымшыларына өтемақы төленуде. Салымшыларға жалпы сомасы 68,6 миллион теңге, немесе жалпы міндеттемелердің 43%-ы қайтарылды. 185 салымшыға өтемақы өтелді.

ҚДКБҚ-ның өтемақыларын қайтарып алуға өтініш бермеген салымшыларының алдындағы міндеттемелерінің балансы 89,4 миллион теңгені құрайды.

Еске сала кетсек, Delta Bank 2017 жылғы 3 қарашадан бастап ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 194 қаулысы негізінде банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу