"Bank RBK"-ның проблемалық активтері бес жыл ішінде қайтарылады

1006

"Bank RBK"-ның проблемалық активтері бес жыл ішінде қайтарылады

Ұлттық банк төрағасының міндетін атқарушы Олег Смоляков "Bank RBK"-ның 600 млрд теңге көлеміндегі проблемалық активтерін қайтарудың болжалды мерзімін атады, деп хабарлайды abctv.kz.
"Аталған қоржынмен жұмыс істеуден түсетін барлық қаржы ірі кредиторларға қатысты шығарылған арнайы берешектерді өтеуге жұмсалады. Банк жүйесінде кездесетін тәжірибеге сүйенсек, мұндай кредиттер негізінен кепілдіксіз болғандықтан, негізгі көлем бес жылға дейін қайтарылады деп болжап отырмыз", – деді Ұлттық банктің өкілі.

Еске сала кетсек, 7 қарашада үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, "Bank RBK"-ны сауықтыру жөнінде шешім қабылдады. 600 млрд теңге көлеміндегі проблемалық қоржын арнайы ұйымға берілетіні анықталды. Инвестор болғалы отырған "Қазақмыс" банктің капиталын толықтыру үшін 160 млрд теңге құймақшы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу