Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Астанада Владивостоктың "Адмирал" командасын 4:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды vesti.kz.
Жарақатынан айығып келген елордалық команданың капитаны Найджел Доус қарсыластар қақпасына екі шайба соғып, үздік ойыншылардың бірі атанды. 7 минутта тең құрамда, 39 минутта ойыншы басымдығында "Адмирал" қақпасын дәл көздеді.
Сондай-ақ "Барыс" сапынан Максим Семенов пен Талғат Жайлауов шайба соқты. Ал қарсылас команда қатарынан Джонатан Райт, Джонатан Блум мен Роберт Саболич бір-бір шайбадан өз еншілеріне жазды.
40 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс конференцияда үшінші орында келеді. Келесі ойынын Нижний Новгородта "Торпедоға" қарсы өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу