"Барыс" челябілік хоккеистердің қақпасына жауапсыз үш шайба салды

681

Енді қазақстандық команда Владивостокқа аттанады. Жерлестеріміз сенбіде "Адмирал" командасымен ойнайды.

"Барыс" челябілік хоккеистердің қақпасына жауапсыз үш шайба салды

Жерлестеріміз челябілік хоккеистердің қақпасына жауапсыз үш шайба салды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ойынның 8-ші минутында "Барыс" командасының қақпашысы өз қақпасына шайбы өткізіп алды. Голды қарсылас команданың ойыншысы Рыбаков салды. Арада 6 минут өткен соң біздің команда есеп айырмасын теңестірді. Диц көк сызықтан шайбыны ұрып, шайба Ореховтың доп таяғына тиіп қақпаға кірді. Есеп 1:1.

"Екінші таймда қос команда гол салмады. Ал жеңіс голы ойын аяқталуға сегіз минут қалғанда салынды. Валерий Орехов тағы да командаласының ұрған шайбасына доп таяғын қойып, командасын есепте алға сүйреді. Ал ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда Павел Акользин көк сызықтан шайбы ұрып, ойынның шешуші голын соқты", - деп жазады "Барыс" ХК ресми сайтында.

Енді қазақстандық команда Владивостокқа аттанады. Жерлестеріміз сенбіде "Адмирал" командасымен ойнайды. Өз алаңындағы қорытынды матчқа "Барыс" құрамына Джесси Блэкер және Патрис Кормье оралды. Осы маусымда алғаш рет Егор Шалапов ойынға қатысты. Қақпашы болып Хенрик Карлссон шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу