"Барыс" құрлықтық хоккей лигасында "Витязьды" жеңді

664

"Барыс" құрлықтық хоккей лигасында "Витязьды" жеңді

"Барыс" құрлықтық хоккей лигасында "Витязьды" жеңді, деп хабарлады КазТаг.
Матч Подольскіде өтті. Бірінші кезеңнен кейін астаналықтар жеңіліп келе жатты, бірақ кейіннен кездесу барысын өзгертіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Жеңіліс тапқандар сапында жалғыз шайбаны Александр Панков салды. Жеңімпаздар сапында  Найджел Доус екі рет шайба салды,  Никита Михайлис, Даррен Диц және Линден Вей бір-бірден салды.
Осылайша, "Барыс" жаңа маусымда  алты жеңісімен көзге түсті, және 19 ұпайымен Шығыс конференциясында бірінші орынға тұрақтады.  
Келесі матчты қазақстандық клуб новосбірілік "Сибирьге" қарсы 15 қыркүйекте Астанада өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу