"Барыс" құрлықтық хоккей лигасында Владивостоктың "Адмиралынан" жеңілді, деп хабарлады ҚазТАГ.  
Владивостоктағы кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапында Артем Земченок, Максим Казаков және Андрей Алексеев көзге түсті. Жеңілгендер арасында жалғыз шайбаны Антон Сагадеев салды.
Осылайша, астаналықтар маусымда 29-ші рет жеңіліп, 63 ұпаймен Шығыс конференциясында оныншы орынға тұрақтады.  
Келесі матчты "Барыс" 16 қаңтарда Тольяттиде "Ладаға" қарсы өткізеді.  
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        