"Барыс" биылғы Құрлықтық хоккей лигасындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Астанада мәскеулік "Динамоны" қабылдаған елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті. Ойынның 15-минутында қорғаушы Кевин Даллмэн алыстан күшті соққысымен қақпаны дәл көздеді. Шабуылдағы әріптестеріне дем берген ойыншының шайбасы матч тағдырын шешті. Екінші және үшінші айналымда нәтижеге өзгеріс енген жоқ. 19 кездесуден кейін 23 ұпай жинаған "Барыс" шығыс тобында 13-орынға жайғасты.
Астаналық ұжым келесі ойынын 20 қазан күні "Витязь" командасымен өткізеді. Арада екі күннен кейін елордаға "Локомотив" келеді.
24.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу