"Барыс" өз антирекордын жаңартты

948

"Барыс" өз антирекордын жаңартты

Астаналық "Барыс" сырт алаңдағы Құрлықаралық хоккей лигасы чемпионатының матчында санкт-петербургтық СКА  командасынан 0-9 есебімен ұтылды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап egemen.kz

Атап өтсек, бұл "Барыстың" маусымдағы бірінші рет ойсырай ұтылуы емес. Қазан айында қазақстандықтар өз алаңында Ярославтың  "Локомотивінен" 1-8  есебімен сүрінген еді. Сонымен, СКА-дан қирай жеңілген "Барыс" клубтың антирекордын орнатты.

Дегенмен, ірі жеңілісіне қарамастан "Барыс" плей-офф кезеңіндегі ойынын жалғастыра береді. Оның қоржынында 29 матчтан кейін 40 ұпай бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу