"Барыстар" басым түсті

909

"Барыстар" басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Омбыда "Авангард" хоккей командасын ұтты. Ойында қазақстандық команда қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды vesti.kz.
Бірінші кезеңде "Барыс" хоккейшілері айдын иелерінің қақпасына екі бірдей шайба соқты. 5 минутта Никита Михайлис, 13 минутта Павел Акользин нәтижелі соққыларымен көзге түсті.
Екінші кезең басында Мэттью Фреттин "Авангард" қақпасына үшінші шайбаны тоғытты. Алайда омбылық команданың хоккейшілері бұл 20 минут аяқталғанша 2 шайба соғып, есепті қысқартты.
55 минутта Мэттью Фреттин дубль орындады. Араға екі минут сала "Авангард" командасы есепті қысқартқанмен, таразы басын теңестіре алмады.
Айта кетейік, Омбыдағы ойынға команданың үздік ойыншылары Найджел Доус, Кевин Даллмэн мен Даррен Диц жарақатына байланысты қатысқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу